"Төбемді көкке жеткізді": Назарбаев Мұхамеджан Тазабекті туған күнімен құттықтады

0
116

Сонымен қатар екі облыстың әкімі мен халықаралық қор құттықтау хат жолдаған.


фото: Мұхамеджан Тазабектің Instagram парақшасынан

ERNUR.KZ. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабекті туған күнімен құттықтады. Бұл туралы ақынның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп жазады sputnik.kz.
Назарбаев Мұхамеджан Тазабекті туған күнімен құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025


"Тұңғыш президентіміз Нұр ағаның ақсақалдық батасы мен ризашылыққа толы құттықтау хаты төбемді көкке жеткізді. Өзіңіз қалаған еліміздің әр кірпіші нығайып, тәуелсіздігіміздің тұғыры биіктей берсін!", - деп жазды Тазабек.

Сонымен қатар ақынға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Димаш Ахметұлының халықаралық қоры ақ тілек арнап, ықыласын білдірген.