«Тоқал Банкте таныстар бар ма?!»: Абай Аязбаев тоқалға өтініш бергенін айтты

0
1 979

«Тарихың нашар дейді»


«Тоқал Банкте таныстар бар ма?!»: Абай Аязбаев тоқалға өтініш бергенін айтты

«Нысана» әзіл-сықақ театрының белді әртістерінің бірі, кино актері Абай Аязбаев инстаграм парақшасында әйеліне қатысты қызықты жазбалар жариялап жүр.


Актер «Тоқал Банкте таныстарыңыз бар ма?!» деп оқырмандарына сұрақты төтесінен қойды. Айтуынша, тоқал алуға өтініш беріпті. «Өкінішке қарай сізге шықпайды» деген жауап алыпты. Неге деп сұраса, өмір тарихың таза емес дейді», - деп қалжыңдады.



Тағы бір жазбасында «Өмір деген қызық, баяғыда көлігіміз жоқ кезде көлігі барларға қызығып қарайтынбыз, қазір көлігіміз бар, жаяу жүргендерге қызығып қараймыз. Өмір, сен қызықсың! Оразаларыңыз қабыл болсын! Жаяу көп жүріңіздер, достар» деген ол «Әйелің көлік айдай алатын болса, осындай әңгімелерді жиі айтатын боласың», - деді әзіл-шыны аралас.



Өнер иесінің желідегі оқырмандары: «Ай, оңбағансың ғой, Абай, қандай тоқал болса да Дианаға жетпейді ғой», «Басқа банкке өтініш тастасаңшы, алғашқы сомасын құйсаң, рұқсат береді», «Абеке, «Қалаулым банк» арқылы көрсеңізші» деген сияқты қағытпа комментарийлерін қалдыруда.