Төреғали тілшілердің үнін өшірді! Өмірде қалай екенін білмейміз, бірақ бейнебаянда солай болды. Санаулы сағаттар бұрын әншінің "Шаруам жоқ!" әніне түсірілген бейнебаяны ғаламтор желісіне тарады. Осыдан бір апта бұрын тизерін әнші инстаграм парақшасында бөліскен, оның желісі бойынша әнші теледидардан өзі туралы ақпарат айтып жатқан бірнеше журналистерді тыңдап отырып, кенет сөндіріп тастайды. Сосын досы Қайнар Алагөзовтің сөзінде жазылған "Шаруам жоқ" әнін шырқай бастайды. Бұл әннің сазы Мақсат Жәутіковтікі.

Бейнебаянды бүгін жариялаған әнші өзінің парақшасында жүрек тебірентер жазбасын қоса жариялады. Төреғали Төреәлі: "Әр адам өз өмірінің қожайыны! Демек, өз өмірің - өз қолыңда! Адам əрекетін етуші, Аллаһ берекетін беруші дейді! Тұлпардың да тұяғы сүрінетінін білесіздер! Жақтың да жаңылатынын бастан өткердік! Ешқандай ата-ана баласын жаман болсын деп тəрбиелемейді! Менің тəрбием - менің сана-сезімім! Әкем мен анамның берген тәрбиесінде кеткен ағаттық жоқ, ағайын!