"Біздің менталитет- бастаған іске беліңді буып, қолдан келгенше көмек берудің орнына, сағыңды сындырып, сынын білдіреді!" - дейді ол.
Төреғалидің әйелі бұл жолы қазақ халқының ментелитеті туралы сөз қозғап, желідегілердің назарын аударды.
"Сәлем бердім, баршаңызға! Қазақ халқы әр нәрсенің ара жігін ажыратып, орнын белгілеп қойған дана халық" деп әңгімесін бастаған ол, сөзінде енесімен, күйеуімен сыйыса алмай жүрген жас келіңдер туралы айтқан. Сонымен қатар анасы мен әйелінің ортасында қалып кететін ер-азаматтар туралы да ұмытпаған.
"Ене мен келін арасындағы даудың барын, жасырғанымызбен, бүгінгі күннің жас отбасыларының ажырасуына себеп болатын Анасы мен Әйелінің ортасында қалып қойған ер адамның дәрменсіздігін көзіміз көріп жүр. Енесі келініне, келіні енесіне өз дегендерінің дұрыстығын дәлелдеумен туатын даулардың куәсі болғандарыңыз қаншама.
Біздің менталитет- бастаған іске беліңді буып, қолдан келгенше көмек берудің орнына, сағыңды сындырып, сынын білдіреді!
Менталитті қалыптастыран адамдар. Еврей халқы қандай бастама болмасын бірін-бірі қолдаудан тынбайды! Сондықтан да көгеріп отырған болар....
Айтқым келгені, ақыл айту емес мақсатым, құрметті оқырман! Әр адамның басында әртүрлі проблема, әр түрлі кедергі, әр түрлі мақсат бар!!!
Пікірлеріңізді білдіріп, қолдаған жандарға алғысым шексіз. Жас қыздар, болашақ келіндер, жас келіндер! Әр түрлі жағдайдағы отбасына тап болады! Әр түрлі ененің, әр түрлі күйеудің қолында, өмір сүруге деген құлшынысы азайып, қаншама бала әкесіз өсіп жатқаны жаныма батады. Бірақ жүктің бәрі сол Келінге түсіп, кінәнің бәрін өмір бойы арқалап өтетін сол Келін. Алланың берген тағдырына мойынсұнамыз әрине, бірақ әрекетте - берекет бар, Алла Тағала сабыр етушілерге берген сыйы толассыз!
Сондықтан, “ Салиқалы келін “, деген идеал емес, тек келіндеріміздің мықты болуына, әр келіннің бақытты жүруі бүкіл әулетке, ары қарай бала-шағасына әсер ететін, бар қылатын да, жоқ қылатын да жауапкершілікті алпауыт күш екенін ашатын сабақ! Сабақта біраз проблемалардың түйінін шешіп, өзімізбен жұмыс жасаймыз!
Әр адам өзін тек ішінен көреді, яғни фокус сыртқа қарайды, сондықтан барлығымыз кінәні сырттан іздейміз...
Ата-енем, ақшаның тапшылығы,
күйеудің қауқарсыздығы тағы-тағы...
Бірақ әрқайсысының Алладан берілген сынақ екенін, сол нәрседен сабақ алмайынша, Алла дәрежемізді өзгертпейтінін түсіне бермейміз!
Яғни сол дөңгелектің шырмауынан өмір бойы шықпай жүре беруіміздің себебі өзімізде екенін қабылдау қолдан келе бермейді" - деп сөзін қорытындылаған хитменнің әйелі.
Бұл пікірін оқыған желі оқырмандары оның инстаграм желісіне тіркеле салып, сабақ өткенін сынға алған. Тіпті кейбірі "Сіздің орныңызда болсам, қоя салатын едім. Тек негатив жазылып жатыр" деген ойларын жазған.