Төреғалидің әйелі: "Мен ерекше баланың анасымын"

0
1 937

"1 жыл емес, 2 жыл емес, 3 жыл емес ол диогноздың өмірлік ойлаңыңда келмейді" дейді Толқын.


Төреғалидің әйелі:

Өзінің биязы мінезімен, ибалы жүзімен көпшіліктің көзайымына айналып үлгерген Толқын Тұрарбекқызы қазір желіде белсенді. Өзінің психологиялық сабақтары мен тұрмыс-тіршілігінен жазбалар жариялап отырады.

Кеше әншінің әйелі өзінің үлкен қызы туралы жазба жариялады. Онда Толқын өзінің тұңғышының ерекше бала екенін, алғашында дәрігерлер әртүрлі диогноз қойғанын, кейін бұл сынақты қабылдағаны туралы әсерлі жазба жариялады.


Толқын Тұрарбекқызы бұл Алланың сынағы, ол солай қалады деп даналықпен қабылдайтынын жазған.


Сондай-ақ басқа аналарды да осылай ойлауға, шүкір етуге, баланы барымен қабылдауға шақырған.


Әнші де, жары да үлкен қыздарының суретін көп салмайды. Бірақ жақында Төреғали әйелі мен үлкен қызын алып Қажылықтарын өтеп қайтқан еді.

Бұл жазбаны оқыған оқырмандар оған қолдау білдіріп, кейбірі өз оқиғаларымен де бөліскен.