"Түркиядан үй алуға ниеттімін": Ерке Есмахан да елден кете ме?

0
4 846


Соңғы жылдары Түркияға көшіп жатқан жерлестеріміз көп, оның ішінде танымал өнер азаматтары да жетерлік. Олар туралы осыған дейін бірнеше рет жазған болатынбыз.

Енді бұл қатарға Ерке Есмахан да қосылуға ниетті сияқты. Оған әншінің әлеуметтік желіге соңғы жазған жазбасы себеп болып отыр.

"Соңғы уақытта Түркияға көшіп жатқан қазақтар саны көбейді. Бәлкім, бұған бірнеше себеп бар шығар.
Менде жұрттан қалмай Түркиядан үй алуға ниеттімін.
Бірақ, біресе алғым келеді, біресе айнып қалам.
Үй алу болашаққа инвестиция құю деп білем.
Осы мәселеде сіздер не ойлайсыздар?" - деп әнші тыңдармандарымен ой бөліскісі келген.




Әншінің бұл жазбасын оқыған жанкүйерлері оны басқа елге қимаса да, "Ақшаң болса алған дұрыс", "Ұлыңыздың болашағы үшін шетелге көшуге болады" деген сынды пікірлерін ортаға салынды.