Тұрсынбек Қабатовтың әйелі енді Қайрат Нұртаспен дуэт орындамақ

0
143

​Ол енді өнер саласына белсенді атсалысатынын айтты.


Тұрсынбек Қабатовтың әйелі енді Қайрат Нұртаспен дуэт орындамақ

Фото: nstagram.com/p/DMauFQ6M5zt/

ERNUR.KZ. Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова енді өзін ән өнері саласында сынап көруге бел буды. Ол Instagram парақшасында танымал әнші Қайрат Нұртаспен дуэт жазуға дайындалып жатқанын жариялап, көпшілікті таңғалдырды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қайрат Нұртаспен дуэт жазуға дайындалып жатырмын… Иә, сенбей тұрмын», – деп жазды ол.

Мөлдір Мұқанова өз жазбасында бұған дейін өмірінде түрлі рөлдерді атқарғанын – ана, жар, кәсіпкер болғанын атап өтті. Енді өзінің өнерге жақындығын бөлісетін уақыт келгенін айтты.

«Өмірде түрлі рөлдерде болдым: ана, жар, кәсіпкер… Өнеріммен бөлісетін шақ туды», – дейді ол.

Ол ән жазу процесінің алдағы уақытта болатынын меңзеп, тыңдармандарынан жан-жақты қолдау сұрады. Сонымен қатар дуэт қандай жанрда болғанын қалайтындарын да оқырмандардан сұрады.

«Қайрат Нұртас пен Мөлдір Мұқан дуэті қалай болады деп ойлайсыздар? Қандай жанрда болсын деп қалайсыздар? Махаббат па? Әлде өмір туралы ма?», - деді ол.

Мөлдір Мұқанова жүректен шыққан әнді тыңдарман да жүрекпен қабылдайтынына сенетінін айтып, жобаға қызығушылық танытқандарды алдағы жаңалықтарды күтуге шақырды.