"Түсіңізге жайсыз еніп жүрсек кешіріңізші, анашым": Сәкен Майғазиевтің жазбасы жұртты жылатты

0
4 178


Белгілі әнші Сәкен Майғазиев басшылыққа келгелі оған қатысты түрлі сындар көбейіп кетті.

Оның көбін назарсыз қалдыратын әнші ара-тұра ішіндегі сырларын оқырмандарына ақтарып қояды. Әсіресе отбасы туралы жазбалары елді елең еткізбей қоймайды.

Сәкен Майғазиев: "Түсіңізге жайсыз еніп жүрсек кешіріңізші, анашым. Сізді жерге қаратуға хақымыз жоқ. АЛЛА - білуші! Екі дүниеде жүзіміз жарық болсын. Жұма құтты болсын, жақсылар!".


Жүрек елжіретер бұл жазбаны оқыған желі оқырмандары әншіге жылы лебіздерін аяп қалмады. Олар анасына амандық тілеп, әншіге сабыр тіледі.