"Үйленгенін естігенде, есеңгіреп қалдым": Танымал продюсер 16 жыл отасқан жарымен ажырасқанын айтты

0
16 586

Өмірдің соққысынан “мен Мақпал Қаратаймын” деп өзім киіп алған маскамды өзім шештім.


Танымал продюсер, қазір танымал псиъолог-мотиваторға айналған Мақпал Қаратай жарымен ажырасып кеткенін айтты. Бұл туралы ол өзінің инстаграм желісіндегі жеке парақшасында айтты.

Мақпал Қаратай: "Мен өмірге келгенде анам дүниеден өтті. Сол шыр етіп жарық дүние есігін ашқаннан аласұрып махаббатты іздеп келемін.

Әкемнен, ата-әжемнен, достарымнан, қызметтен, ақшадан іздедім. 41 жыл ғұмырымның 16 жылы күйеуімнен іздеуден, зарығумен, аңсаумен өтті...

16 жыл күткен әлсіз үмітім үзілді. “Ержанар үйленіпті” дегенді естігенде, есеңгіреп қалғанымды жасырмаймын. Орнымнан тұра алмай, жылап жатып қалдым. “Мен мықтымын” деп кеуде қағып, сыртымды қомпитып жүргенімнің барлығы жалған екен. Мен өзімнің өте әлсіз, боркемік, бейшара екенімді анық білдім. Өмірге келген сәтімнен тек тасталып келе жатқандай сезім бойымды деңдеп, екі бүктеліп жатып қалдым...

Өмірдің соққысынан “мен Мақпал Қаратаймын” деп өзім киіп алған маскамды өзім шештім. Таудың басына шықтым да, “Алла тағала, мен әлсізбін, мен бейшарамын, маған көмек керек. Мен жеңілдім. Менің қолымнан ештеңе келмейді екен” деп жылап отырып айғайладым. Сол күні “өкпе-реніштен қарайып кеткен жүрегімді жоғалтпашы, қайтаршы” деп жалбарындым. “Шынайы кешірім берші” деп өкірдім...

Жақындарым “Ержанар саған опасыздық жасады” деп айта отырып, жұбатты. Ол маған опасыздық жасаған жоқ, ол маған өмірдің ең басты сабағын үйретіп кетті. Ол менің 16 жыл ұстазым болды. Енді өзі айтпақшы “миссиясы бітті”...
Менің ұлы сапарым әрі қарай жалғасады. Өмірге өкпелегім келмейді, адамдарға деген сенімді, махаббатты жоғалтқым келмейді, жүрегімді қарайтқым келмейді. Шынайы кешірімнің дәмін татқым келеді...

Анашым, менің өкпем алғаш сенен бастау алған. “Мені неге тастап кетіп қалдың?” деп балалықпен алғаш саған ренжіген едім. Бірақ сен өз жаныңды қиып, мені жарық дүниеге қалдырып кеткеніңнің өзі Ұлы махаббат екен ғой. Оны есейгенде бірақ ұқтым...
Ал, Ержанар саған рахмет, Аллаға жақындатып, шынайы махаббатты адамнан емес, қайдан іздеу керектігін ұқтырғаның үшін... Бұл 16 жылдық отбасылық өмірімізде берген ең қымбат сабағың, бағалы сыйлығың болды!

Шын жүректен...".

Мұны естіген оның оқырмандары да таң қалып қалғандарын жасырмады. Өйткені бұл жұптың жарасымдылығы көпшілікті тәнті ететін еді.

"Неге ажырастыңыздар?" деген сұраққа Мақпал Қаратай "Ақымақтықтан" деп жауап берген.