2025 жылғы 28 қыркүйекте, Айдарқұлов сүйіктісімен бірге мешітте түсірілген бірнеше фотосуретін жариялады.
Сурет: Instagram/daurenaidarkulov
2025 жылғы 28 қыркүйекте, Айдарқұлов сүйіктісімен бірге мешітте түсірілген бірнеше фотосуретін жариялады.
"Үйлендім. Әлхамдулиллаһ!" – деп қысқа ғана жазды ол суреттердің астына.
Алайда, бұл жаңалықты бәрі бірдей қуанышпен қабылдай алмады. Әлеуметтік желілердегі пікірлерге қарағанда, қолданушылар актердің әрекетін сынап, түсініспеушілік білдіруде.
- Соңы және соңы болсыншы
- Әйел алудан шаршамайды екенсің...
- Не дейміз... бақытты болсын
- Тимати екеуіне дұрыстап түсіндіру керек еді. Бұл өмірде бір-ақ рет үйленіп бақытты болуға да болады.
- Тимати 2.0
- Тағы ма?
- Сөз жоқ... қызға да еркекке де...
- Бұрынғы әйелдеріне жаным ашиды
Айта кетсек, Дәурен Айдарқұловтың бірінші некесі 2008 жылы қиылған. Бұл некеден үш баласы бар. Ал 2016 жылы, ол "КешYOU" тобының бұрынғы солисі Ақбота Сейтмағамбетті жар етіп алған. Бұл некеден тағы екі баласы бар.
Айта кетейік, актер бұрын берген сұхбаттарының бірінде жұбайын таңдауда оның сұлулығына, шыққан тегіне, әлеуметтік жағдайына және ең бастысы — дініне назар аударатынын айтқан болатын. Сол кезде-ақ, үшінші әйелі хижабтағы қыз болса екен деген ниетін білдірген еді.