1 миллионның ырың-жырыңмен қолына 700 000 ғана тиеді.
Белгілі актер Қажет Смағұл өзіне уәде етілген 1 миллионды толықтай алмағанын айтты. Айтуынша, танымал Тұрсынбек Қабатов оған 300 000 теңгесін бермеген. Бұл туралы ол "HIT TV" арнасындағы “Менің Өмірім” бағдарламасында айтты.
Жүргізушінің сізді танытқан Тұрсынбек Қабатовтың "Базар жоқ" театры, оған қалай келіп, неге кетіп қалдыңыз?" деген сұрағына актер: "Мен Тұрсынбекпен 2000 жылдардың басында, ең бірінші Астанаға көшіп келген кезде танысқанмын. Екеуміз бірге тойларға шыққанбыз. Ол театр ашты, бірақ мен барған жоқпын. Ол кезде мен тойда, эфирге шықпайтын концерттерге шығып жүрдім. Кейін 2014 жылы "Базар жоқ алаңы" деген жоба жасап, мені кастингке шақырды"-, дейді актер.
Басында жас балалармен бірге қатысқысы келмеген актер, соңында концертін тастап жобаға қатысуға келеді. Сонда бас жүлдені иеленген актерге уәде етілген 1 миллионның ырың-жырыңмен қолына 700 000 ғана тиеді, ал қалғанын ала алмайды.
"Бірақ қазір бұл туралы айтқым келмейді. Айтатын сәт бұрын туған. Маған оның ақшасы емес, халықтың алдына шығуым керек болды. Мен Тұрсынбекке шексіз ризамын. Егер ол мені қинап шақырмағанда, халықтың алдында танымал болып отырар ма едім?" -, дейді Қажет Смағұл.
Әлеуметтік желіде жарияланған бұл жазбаға оқырмандар түрлі пікірлер жазған. Басым бөлігі "Елге танымал болуға себепші болған адамды 300.000 тг үшін әңгіме қылу ұят екен.Тұрсынбек мырза қаншама өнерпаздардың бағын жаққан азамат, сыйлаймыз", "Иә сағанда рахмет! 300МЫҢДЫ АУДАРАЙЫН МЕН ГОЛТЫҢДЫ АЙТШЫ.ТҰРСЫНБЕККЕ БҰЛАЙ РАХМЕТ АЙТҚАНЫН ТЫМ ҰЯТ БОЛДЫ. Еркек басыңмен", "Еркектер ай 300 мыңға бола әңгіме айтып, неге ұсақталып кеткенсіңіз. Рақмет айтып қойып, мақтамен бауыздап отырсыз ғой" деп сүйікті актерлерін қорғап шыққан.
Арасында ғана "Тұрсынбек туралы жақсы сөз естімедік" деген де пікірлер кездеседі.