"Жалдамалы әке": Алматылық келіншек әке сатып алу үшін айына 300 мың теңге төлеуге әзір (видео)

0
2 655

Назымның жалдамалы әкелерге өз талабы бар. Ол темекі шекпесе, ішімдік ішпесе дейді.


Жапон массажының шебері Назым Мукайяма өзіне әке іздейтіні туралы және бұл үшін қомақты ақша да төлейтіні жайлы әлеуметтік желіде жазба қалдырған. Ерекше мәтіндегі оның жазбасына алғашында оқырмандары таңдана қарап, "Хайп жасап отыр. Ақшаңыз тасып бара жатса, балалар үйіне беріңіз! Сұмдық қой мынау. Қазақстанда әкенің махаббатын сатып аласыз ба?" деп күмәнмен қараған. Әкелік сезімге зәру Назым болса, бұл жазбасының ешбір жалғандығы жоқ екенін, жеңіл атақ қуу ойында болмағанын алға тартып, "Астарлы ақиқат" бағдарламасында ағынан жарылды.

Әке махаббатын сезінгісі келетін келіншек, 5 жасар кезінде ата-анасының ажырасып кеткенін, ал 20 жасында әкесінің қайтыс болғанын айтты. Назым Жапония еліне тұрмысқа шығып 10 жылдан соң екі қызымен ажырасып кеткен. Сонымен қатар, Назым жалдамалы әкенің қызметі үшін айына 300 мың теңге төлеуге әзір екендігін де айтып өтті.

Назымның жалдамалы әкелерге өз талабы бар. Ол темекі шекпесе, ішімдік ішпесе және басымнан сипап ақылын айтып отырса дейді.

Оның әке іздеп жазған жазбасын жылы қабылдап, әке болуға келіскендер де табылған.

Айта кетейік әкені, ананы, жалпы туған-туысқанды жалға алу Жапон елінде бар екен. Тіпті бұл үшін арнайы агенттіктер де жұмыс істейтін көрінеді.