"Желкесіне отырғыза салмай ма?": Ерке Есмаханды "ойбайлатып" тұрып сүйіп алды (видео)

0
4 209

Әнші айтып жатқан әнін тоқтатпай жалғастырып кетті.


Тойда ән айтып тұрған Ерке Есмахан өзін сүймек болып арқасынан ұмтылған баладан шошып айтып жатқан әнін үзіп жіберген. Бұл туралы qaz_stars парақшасында жарияланған.

Видеодағы жазбада тойда ән шырқап тұрған Еркемен суретке түсу үшін көпшіліктің әншіні қоршап алғанын көруге болады. Сондай сәттердің бірінде әншінің артқы жағында әкесінің қолында тұрған бала Еркені құшақтап сүйіп алмақ болады. Баладан мұндайды күтпеген Ерке айтып жатқан әнінің арасында "ойбай" деп күліп артына бұрылады да, саспастан ән шырқауын жалғастыра береді.

Бейнежазбаға пікір қалдырған көпшілік әнді үзіп "ойбайлаған" Еркені емес, әншіні селк еткізген баланы көтеріп тұрған азаматты сынның астына алған.

" Мынау енді тым ұят. Сәл де болса мәдениеттілік керек шыгар. Кішкене баланы сонша итермелеп, арқасына таңып қоймаса", " Желкесіне отырғыза салмай ма? Ағаның басы онша істемейді-ау", "Біздің адамдар жабайы сияқты. Әртіс көрмегендей. Басына шығып алуға дейін барады" - деген пікірлер жазған.

ERNUR.KZ