Жезөкшелерді тоқалдыққа әперу керек - Зәуре Ибадуллақызы

0
2 677

Жезөкшелерден де жақсы келін шығады.


Жезөкшелерді тоқалдыққа әперу керек - Зәуре Ибадуллақызы

фото кадрдан скринделген

Шымкенттік Зәуре апай жолдасына екі бірдей тоқал алып берген жан. Ол кісінің пікірінше қазақ елінің демографиясын көтеру үшін, жезөкшелікті заңдастырудың орнына, оларды ер азаматтарға тоқал етіп әперу керек дейді. Журналист Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасындағы сұхбатта күйеуіне екі бірдей тоқалды өз ризашылығымен алып берген бәйбішемен бүгінгі қоғамда айтыла бермейтін жабық тақырыптарды қозғаған.

Сұхбат барысында Зәуре апай бала санын көбейту үшін жолдасының өзінен кейін екі әйел алып, қазір үлкен бір тату-тәтті әулет екенін айтқан және өзге қыз-келіншектерге де жолдастарына тоқал әперуге кеңес берген.

Зәуре апайдың пікірінше тіпті жезөкше қыздардың өзі жақсы келін бола алады. Сондықтан жезөкшелікті заңдастырып, салық төлеткенше, оларды тоқалдыққа әперу керек деген ойда.



Сұхбатты көрген көпшілік бәйбіше атанған Зәуре апайдың ойын құптаған. Тіпті кейбір оқырмандар ол кісіні Қазақстан әйелдері қоғамының төрайымы ету керектігін жазған.

"Керемет, сізді Қазақстан әйелдері қоғамының төрайымы етіп үлкен пост беру керек", "Зәуре апамыз керемет кісі екен барлығын дұрыс айтты", " Дана, ақылды ана екенсіз!", "Апамыздың жасаған кеңпейілдігіне бас иемін, айтканың бәрі дұрыс. Еркектер неше әйел алып жағдайын жасаса неге алмасқа", "Қазақ əйелі, анасы,қыздары осындай болуы керек! Үлгіні осы апайдан алу керек", "Көшеде əркіммен жатқанша белгілеп тиіп, бала туып отрған дұрыс, деп ойлаймын. Шамасы келсе алсын" - деп пікір білдірген көпшілік.