Дана Нұржігіт 45 жасқа келіп тұрмысқа шығып еді. Екі жыл өтпей жатып ол да күйеуіне тазалатып қойған ба?..
«Дара жол» бағдарламасымен есімі көпшілікке жақсы таныс журналист Дана Нұржігіттің инстаграм парақшасына салған видеосына сүйсінгендер де, күрсінгендер де болды.
«Бізде де күйеуім тазалайды. Мен қуырамын», «Еріңізге еркелеп тұрған тәтті үніңізден айналдым», «Әкем тазалап та, қуырып та беретін», «Менің де жолдасым тазалайды», «Бәрі де орынды, жарасымды Дана. Ас болсын», «Менің де жолдасым тазалап, тұздап береді мен тек қуырамын», «Жолдасынызга тазалатып қойған не деген мықты әйелсіз», «Дұрыс қой еркектің жұмысы ғой балық тазалау, мал сою. Ал біз пісіреміз», «Балықты еркегі бар үйде... еркек кіндіктілер тазалайды», «Негізі ер азаматтар тазалайды ғой... тазалап жіберсе қолына жұғып қалмайды» деп жазғандарға қарсы пікір білдірушілер де табылды.
«Мәкең балықтың өтін жарып алыпты ғой», «Өзіңіз жасамайсыз ба?!», «Балықтың өтін жарып жібердіңіздер ғой, енді қалай жейсіздер», «Өтін жарып алма деп ескерткеніңіз дұрыс болмады, видеоны эфирге салайын деп тұрып», "Дұрыс жасамай жатырсыз, бізде Алакөлде жотасынан сояды өті жарылмас үшін", «Тазалатып алмайсыз ба алған жеріңізден?», «Балық соя алмайды екен, өтін жарып алды. Өті жарылған балықты қанша пісірсең де өттің дəмі шығып тұрады», «Арқасынан жару керек, əйелдің тірлігін еркек атқарса, өті жарылмай қайтеді, жалпы еркекті асханаға жолатпау керек, бұл менің принціпім, ренжімеңдер қарақтарым, əрі "өтін жарып алма" деп қояды, сол жерде біздің шалдар болса, пышағын лақтырып кетер еді»... деп ашуланғандар да бар.
Ал, сіз еркектің балық тазалағанына қалай қарайсыз? Бұл дұрыс па, бұрыс па?
Фото: @dana_nurzhigit
«Ер адам әйеліне анамнан аумайсың деп айтуға болмайды» деді Балғынбек Имашевқа