"Жұлдызды сәтім": Дина Төлепберген желіде тағы бір "жалаңаш" суретін жариялады

0
2 546

"Келесі жолы киімсіз суретіңізді салайын деп тұрған секілдісіз ғой".


Белгілі тележурналист Дина Төлепберген әлеуметтік желіні тағы шулатты. Ол бұған дейін Instagram қолданушылары арасында кең тараған "Жастық челлендж"-ді жалғастырып, денесін жастықпен жапқан суретін жариялаған еді. Сол үшін оқырмандарының сынына ілікті. Дина бұл сыннан шабыт алған болуы керек, әлеуметтік желідегі парақшасына тағы бір "жалаңаш" суретін жүктеген.

"Менің жастықпен түскен суретім соңғы үш күн бойы құдды вирус секілді кеңінен тарап кетіпті. Тіпті ресми бұқаралық ақпарат құралдарының сайттарына шығып, көптің көзайымы болып отырмын. Жұлдызды сәтім осы болады деп кім ойлапты?

Менің түсінбей отырғаным, «Дина тыр жалаңаш» деп жазасыздар. Неге? Қай жерім көрініп қалыпты? Әлде сол бір суретті түсірерде жанымда болып, мені өз көзіңізбен көрдіңіз бе? Иә, әркімде бар бір қиял, ал қиялды кім тияр?!

Ал мына суретте мен тренеріммен бірге. Жүзген кезде, жақсы есу үшін қолдың позициясын түсіндіріп тұр. Ал Сіз не көріп тұрсыз?
Әркім өзінің бұзылғанына қарай бағамдар",
- деп жазды ол Инстаграм парақшасында.


Тележүргізушінің оқырмандарының көпшілігін суретін сынап, пікір қалдырған.

"Мұндай жалаңаш фотоңызды енді салмаңызшы", "Қасықтап жиған абыройды өз қолыңмен шелектеп төктің", "Суретке түсіп неңіз бар, халықтың алдында жүрген адамсыз""Салмақты, шыншыл ақиқатты батырып айтатын Дина ханымды соңғы кезде танымай жүрмін", "Келесі жолы лыпасыз суретіңізді салайын деп тұрған секілдісіз ғой", "Негізінде маған ұнайтын жүргізушісіз, сыйлаймын, бірақ сол жастық пен осы сурет ұнамады", "Адам біреуден мін табудан бұрын өзіне қараған дұрыс. Айта берсін, құлағыңызға ілмей жүре беріңіз бастысы. Ауырмаңыз. Өткенде "Астарлы ақиқатты" көріп отырып кәдімгідей уайымдап қалдым", - деп жазған оқырмандар.