"Жұлдыздың кітабы туралы неге айтпайсыз?": Гүлзира Айдарбековаға оқырмандары келініне қолдау көрсетпеді деп ренжіді

0
4 416

"Ащының дәмін татпасаң, Тәттіні қайдан білесің" - дейді әнші.


Үнемі ұлын мақтап жүретін Гүлзира Айдарбекова тағы да сынға қалды. Ұлын "махаббат әндерінің каролі" деп атаған продюсер оның естеліктерін жариялап, төмендегідей жазба қалдырған.

Гүлзира Айдарбекова: "Әрбір ананың жемісі,өз баласының жетістігі!
8 жасында ел алдында махаббат әнінен бастап, 18 жасында Махаббат әнінің королі наградасын иемденіп еді, естеріңізде болса, Республика сарайында.
Өлшеніп берген өмірде,
Жылайсың кейде күлесің.
Тоқтатпа тағдыр күресін.
Ащының дәмін татпасаң,
Тәттіні қайдан білесің".



Мұны оқыған оқырмандар "Тек Қайратты айтып мақтана бермей, басқа да ұлдарыңның жетістігін айтып қоймайсыз ба?Азаннан кешке дейін Қайрат дей бермей, білеміз гой балаңның әнші екенін. Немерелеріңмен мақтан, Жұлдыздай келінің бар керемет, онымен де мақтансаңыз болады. Сезін деген кітап жазыпты, алғашқы туындасы қандай керемет. Соны бір салмадыңыз ғой құттықтап, батаңызды беріп? Аман болыңыз" дейді. Сондай-ақ олар продюсер ханымның тек Қайратты жарнамалай беретініне таң қалысып, өзге ұлдарын да назардан тыс қалдырмауын өтініпті.