​«Жыл сенсациясы болды»: Баян Алагөзова 51 жасында үшінші қызын дүниеге әкелді

0
2 687

«Таңғалдыру үшін жаралған жан екен»


​«Жыл сенсациясы болды»: Баян Алагөзова 51 жасында үшінші қызын дүниеге әкелді

Отандық танымал продюсер Баян Алагөзова үшінші перзенті дүниеге келгенін хабарлады. Өнер саласының өкілі тағы да қызды болғанын айтты.


Қуанышты жаңалықты Баян Мақсатқызының өзі «Инстаграм» парақшасында жария етті. Продюсер жолдасы екеуінің сәбиді ұстап тұрған суреттерін де көрсетті.


«Біз сені ұзақ күттік. Үш келі бақытымыз. Біз қызды болдық. Алагөзова ... Тұрсынғалиқызы», - деп сүйінші хабарды жеткізді ол.


Ал өнер иесінің үлкен қызы Айсәуле Бақытбек «Біздің жас айырмашылығымыз небәрі 28 жыл! Біз сені күттік, кішкентай! Бақытты отбасымызға қош келдің, сіңлім!» - деп қуанышымен бөлісті.


Баян Мақсатқызының дүниеге бала әкелуі – бүгінгі күннің басты жаңалығы болды. Қазір бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Өнер иесінің сүйінші хабарына желі қолданушылары да пікір білдірді.


«Баян Мақсатқызы, сіз тек таңғалдыру үшін жаралған адамсыз! Бауы берік болсын», «Шок болып отырмыз. Қалай? Не болса да бауы берік болсын!», «Керемет жаңалық екен», «Суррогаттық жолмен шығар, Баян қартайып қалып еді ғой», «Жыл сенсациясы болды бұл», «Суррогаттық жолмен тапса, ұл таңдай салмапты да», «Баян өзі тууға өзін аяйтын әйел сияқты ғой», «Кеше ғана шетелде қыдырып жүр еді ғой», «Осылар өзі туғандай жата салады екен» деп жазды көпшілік.