Ол үшін оңай әрі қарапайым психологиялық сұрақтарға жауап береңіз. Бұл жерде сұрақтың астарына үңілудің, көп ойланудың қажеті жоқ. Әр сұрақты оқыған кезде ең бірінші кім, не көз алдыңызға келеді соны жазыңыз. Жыдам жауап беруге тырысыңыз. Алдымен суретке назар аударыңыз: орман.
фото: kartinkijane.ru
Ол үшін оңай әрі қарапайым психологиялық сұрақтарға жауап беріңіз. Бұл жерде сұрақтың астарына үңілудің, көп ойланудың қажеті жоқ. Әр сұрақты оқыған кезде ең бірінші кім, не көз алдыңызға келеді соны жазыңыз. Жылдам жауап беруге тырысыңыз. Алдымен суретке назар аударыңыз: орман.
1. Орманда келе жатырсыз. Қасыңызда біреу бар, ол кім? Ойыңызға ең бірінші кім «келе қалды», соның есімін жазыңыз.
2. Біраз жол жүрдіңіз. Алыстан бірдеңенің қимылдағаның көзіңіз шалып қалды. Жануар секілді. Қандай жануар деп ойлайсыз? Жануардың атауын жазыңыз.
3. Сіз алға қадам басқан сайын жануар да жақындап келеді. Енді оның басы үлкейіп, көздері ғана қалды. Көздер түйісті. Қандай күй кештіңіз, ең бірінші бойыңызды қандай сезім биледі?
4. Ормандағы саяхатыңызды жалғастыра беріңіз. Қалың ағаш арасынан жазық алқапқа шықтыңыз. Төрт-бес адым жерде сіздің арманыңыздағы үй тұр. Көлемі қандай?
5. Үйдің сырты қоршалған ба? Қақпасы бар ма?
6. Үйдің сыртқы есігін ашып, табалдырықтан аттадыңыз. Дәлізбен жүріп келесіз. Ең бірінші қай бөлмеге кіресіз?
7. Сосын асүйге кіріңіз. Ас ішетін үстелге көзіңіз түсті. Дастархан үстінен нені көрдіңіз? Үстел айналасынан ше?
8. Үйдің сыртқа шығатын тағы бір есігі бар. Артқы есіктен шығыңыз. Сол тұста көк шөп үстінде жастқан ыдысты көрдіңіз. Ол қандай материалдан жасалған?
9. Ыдысты көрдіңіз, не істейсіз? Қолыңызға аласыз...теуіп өтесіз...көңіл бөлмейсіз т.б.
10. Үйден алыстай бергенде алдыңыздан су көрінді? Ол қандай су? Көл, теңіз, сарқырама, өзен, бұлақ бастауы...
ЖАУАП
1. Орманда қасыңыздан көрген адам – өміріңіздегі ең маңызды жан.
2. Жануарға қарап негізгі мәселеңіздің көлемін анықтай аласыз: піл, аю, елік, арыстан, тиін, қасқыр, түлкі, қоян, тышқан... қайсысы? Неғұрлым ірі жануар болса, өміріңіздегі ең маңызды мәселені шешуге де ұзақ уақыт арнауға тура келеді.
3. Онымен көздеріңіз түйіскенде қандай күй кештіңіз? Қорықтыңыз, тұра қаштыңыз... мәселеңізбен бетпе-бет келгенде де сондай күй кешіп жүрсіз. Егер қорықсаңыз, онда ең бірінші қорқынышты жеңу керек. Ал, сүйсіне қарасаңыз, сіз жақсы көріп жүрген нәрсе – негізгі мәселеңіз, оны тауып жоюға қамданыңыз.
4. Үйдің көлемі – амбицияңыздың көлемі. Егер, ол тым үлкен (екі қабатты, 3 қабатты) болса, онда өмірден қалайтыңыз да соншалықты көп, ірі. Ал, сіз сол қалауыңызға жету үшін қанша тер төгіп, қанша уақыт пен күш-қуат арнап жүрсіз? Есептеңіз, салыстырыңыз, амбицияңыздың көлемімен сәйкес келе ме? Сәйкестенбейінше, сіз де ең маңызды қалауыңызға жете алмайсыз?
5. Егер үй қорғанмен қоршалмаған болса, онда ашық, еркін, өзгеден жасыратын құпияңыз жоқ, біреу сырымды немесе шынайы өмірімді біліп қояды деп қорқуды білмейтін адамсыз. Сәл жұмбақтау, жабықтау болсаңыз, мәселелерден құтыла бастайсыз.
Ал, үй қоршалған болса, жеке әлеміңізге өзгенің кіргенін, сіз туралы бәрін білгенін қаламайсыз. Ашықтау болуға үйренсеңіз, басты мәселелеріңіздің түйіні шешіледі.
6. Қонақ бөлме – қонақ күтуді немесе отырысқа барып көңіл көтеру керектігін меңзейді. Жатын бөлме – алаңсыз ұйықтап тыныққаныңыз дұрыс. Асүй – сүйіп жейтін асыңызға тойып, асқазанның қалауын орындаңыз, асқазан мен ми бір-бірімен тығыз байланыста.
7. Дастархан үстінен гүл, тағам және оның айналасынан адамдарды көрмесеңіз – өзіңізді бақытсыз сезініп жүрсіз. Торығу, жабығу мен күйзелістен арылу керек.
8. Ыдыс неғұрлым берік материалдан (мысалы: фарфор, металл т.б.) жасалса, онда сіздің отбасыңызбен қарым-қатынасыңыз да өте берік, оны ешкім де, ештеңе де үзе алмайды. Ал, тез сынатын, бүлінетін қыш, шыны, пластмасса, қағаз т.б. жасалса – отбасыңызбен араңыз үзілуге шақ тұр, қауіпті. Түзеңіз! Отбасыңызға көп уақыт арнаңыз.
9. Әрекетіңіз «1» сұрақтағы адамға деген қарым-қатынасыңыздың қандай екенін білдіреді.
10. Су айдынының көлемі – не нәрсеге де құмарлық, құштарлық тәбетіңіздің мөлшерімен тең. Көлемді болса, сәл азайтыңыз. Аз болса, көбейтіңіз!
Дайындаған: Ж.Смағұлова.
ERNUR.KZ