Түркістанда сатира сарбаздары өсіп келе жатыр

0
1 861

Түрлі байқауларға қатысып, жоғары жетістіктер көрсетіп жүр.


Түркістанда сатира сарбаздары өсіп келе жатыр

Түркістан Оқуышылар сарайы сатира өнерінің дамуына үлес қосып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Күлдіре отырып жылататын, арманға ала кетіп, ой салатын өнердің бірі – сатира. Бұл жанрдың дамуы бізде кешеуілдеп жатса да, оның санаулы өкілдері зор еңбек етіп, сара жолын қалыптастыруда. Осы бағытта Түркістан Оқуышылар сарайы да үлес қосып жатыр. Арнайы «Сатира» үйірмесін ашып, жас бүлдіршіндерді сахнаға баулып, үлкен өнерге тәрбиелеуде. Үйірме жетекшісі – елге белгілі «Алдараспан» театрының әртісі, актер Шәкен Амантұров.


Ол алғашында шәкірт тәрбилеу ойында болмағанын айтады. Түркістанда бой көтерген Оқушылар сарайы ашылар тұста, мекеме директоры Индира Сарқытқызының ұсынысымен келген.


«Бұрын сабақ берген емеспін. Бірақ өзімнің алғашқы шәкірттерімен бойымдағы барды, жиған-тергенімнің бәрін үйретуге тырысып жатырмын. Балаларға теориялық-практикалық бағытта үйретіп, кішкентайынан сахна мәдениеттін бойына сіңіруге тырысып жатырмын», - дейді ол.

«Сатира» үйірмесіне 5-6 жастан бастап 16 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Ал олар үйірмеге жазылмас бұрын арнайы кастингтен өтеді. Сонда сөз саптауымен, ерекше қабілеті, алғыр ойымен дараланған балалар ғана қабылданады.


«Көп адам сатираны жеңіл, ойын-сауық деп қабылдайды. Бірақ бұл қате пікір. Сатира - өте күрделі жанр, себебі адамды күлдіру оңай емес әрі күлдіре отырып ой салу аса маңызды. Балалар үйірмеге жазылған кезде «тикток, вайн түсіремін!» деп келеді, ал сабақтан кейін ойлары өзгереді. Сатираның бос сөз еместігін түсінеді, ой түйеді. Маған келген баланың барлығы актер болып кетуі екіталай, бірақ олар әдебиет пен мәдениеттен хабардар болып, сөз саптауын түзейтіні анық», - дейді Шәкен Амантұров.

Үйірмеге жазылушы балалардың саны өте көп, олар бірнеше топқа бөлініп сабақ өтеді. Биыл үйірмеден қанат қаққан 4 оқушы жоғары оқу орнына түсті. Одан бөлек үйірме қатысушылары балалар театрын құрып, түрлі байқауларға қатысып жоғары жетістіктер көрсетіп жүр.