Бітіру кешіне көйлекті қалай таңдау керек?

0
4 041

Аз күнде мектеп пен жоғары оқу орындарында бітіру кештері болады, қазір оған дайындық басталып та кеткен болар?! Әрбір түлек үшін бұл өміріндегі ерекше тебіреніске толы күндердің бірі болары хақ. Осы күні қыздар да өзінің өзгелерден айрықша сұлу болғанын қарайды. Шыны керек, қазір дүкендерде тойға арналған көйлектердің саудасы жүріп тұр. Осы кезде сан соғып қалмас үшін, біздің бірнеше кеңесімізге құлақ асыңыз!

  • Алдымен образыңызды анықтап алыңыз. Бітіру кешінде өзіңіздің кім болғаныңызды қалайсыз? Нәзік бойжеткен, ханшайым, қарапайым сұлу? Өзіңіздің тілегіңізге, көңіл-күйіңізге байланысты киім үлгісін таңдаңыз!
  • Екінші мәселе, қаржы. Көңіліңде миллионның көйлегі болғанымен, оны қалтаңыз көтермеуі мүмкін. Сол себепті «көрпеңізге қарап көсілу керек». Тек тым қымбатқа шығындалып, өзіңізге қонымсыз көйлек алмаңыз. Көйлектің бағасы емес, оның сізге үйлескені маңызды.
  • Үшіншіден, көйлектің ажарын аша түсу үшін дұрыс аксессуарлар таңдау керек. Жарасымды туфли, сөмке, әшекейлердің талғаммен болғаны жақсы. Бірден жарқырап көзге түсетініне жүгірудің қажеті жоқ. Мысалы жарқын түстегі сөмке алсаңыз, туфлиді бейтарап реңктен киіңіз, ал әшекейді мейлінше аз тағу керек. Ал көйлегіңіз моншақтардан тігілсе әшекей мен сөмкені мүлде тақпасаңыз да болады.

Ал шаш үлгісі мен макияжға келер болсақ, қазір 80-жылдардағыдай басыңызға «мұнара» орнатудың керегі. Барынша табиғи болмысты сақтасаңыз, тартымды көрінетініңізге күмән жоқ.