Неліктен қымбат ІШ КИІМ кию керек?

0
24 547

Бұны оқыған соң әйелдер тек қымбат әрі сәнді іш киім сатып алса керек?!


Неліктен қымбат ІШ КИІМ кию керек?

Сіз қандай іш киім киіп жүрсіз? Гардеробыңызда оның саны қанша? Іш киім сырт көзге көрінбегенімен, ол адамның психологиясына да, сыртқы келбетіне де қалай әсер ететінін білесіз бе? Арнайы мамандар былай дейді...


Психологтар не дейді?

Іш киім – киімнің бір түрі. Оны да үнемі жаңартып отыру керек және іш киімнің сапалысын таңдаған жөн. Неге? Өйткені, іш киім адамның жүріс-тұрысына, қимыл қозғалысына, мимикасына, көңіл күйіне де әсер етеді. Осы орайда іш киімнің түсі де үлкен рөл ойнайтынын есте ұстаған дұрыс. Жабырқаған сәттерде ақ түсті іш киім кию ұсынылады.

Махаббатта жолы болмай жүргендерге психологтар «Ең бірінші өзіңізді сүйе біліңіз» деп кеңес береді. Ал, өзін-өзі жақсы көрудің бір тәсілі – іш киіммен байланысты. Сондықтан да, отбасылық дағдарыс кезінде, жанға жара салынғанда, көңіл күй болмағанда, ажырасу процесінен соң әйел ең бірінші іш киімін жаңалауы қажет. Ашық түсті, матасы сапалы, қымбат іш киім адамның өзін-өзі сүюінің алғы шарты боп саналады.

МЫСАЛ: Адамның көңіл күйіне іш киімнің қалай әсер ететінін анықтау үшін Америкадағы зерттеу институтының бірінде психологтар қызықты бақылау жүргізеді. 21-30 жас аралығындағы 100 қыз-келіншектің 30-ына сексуальды іш киім комплекті, 20-ына романтикалық өрнекті, 40 шақты әйелге көңілді суреттері бар іш киімдер беріледі. Ұсынылған іш киімдерді бір ай кию тапсырылады. Ал, 10 бойжеткенге іш киім берілмейді.

Қызықты психологиялық бақылауға қатыстырылған 100 қыз-келіншек те махаббатта жолы болмай, жалғыздықтан жабырқап жүргендер. Сонымен қатар, олар – өздерін ұсқынсыз санайтындар еді. Бәрі де ынжық, ұялшақ.

Бір айдан кейін әлгі 100 қыз-келіншек шақырылып, олардан жеке өмірі туралы сұралады. 70 пайызы айналасындағы еркектердің көзқарасы өзгергенін, олардың тарапынан жақсы комплименттер айтылғанын жеткізеді. 50 пайызы бұрынғы жігіттерімен қайтадан табысса, 55 %-ы бір айдың ішінде бірнеше жігіттен кездесуге ұсыныс алғанын айтады. Бір қызығы, психологтар тарапынан іш киім ұсынылмаған, бұрынғы өз іш киімдерімен жүрген 10 қыз-келіншектің өмірінде ешқандай өзгеріс орын алмаған.

Сәнгерлер не дейді?

Іш киім – косметика сияқты, ең сапалысын, фирмалық түрін таңдай білген жөн. Әйел өзін қай ортада да ыңғайлы әрі әдемі сезінуі үшін, тек сыртқы киімі ғана емес, іш киімі де жарасымды, денеге қонымды әрі сәнді болуы қажет.

МЫСАЛ: Егер көйлегіңіз қаншалықты сымбатыңызға жабысып тұрғанымен, кең іш киім киіп алсаңыз өзіңізді қалай сезінесіз?..


Продюссерлер не дейді?

Сыртқы киіміңіз көнетоз болса да, іш киіміңіз жаңа болсын. Сыртқа көрінбегенімен, сәнді іш киім әйелді әдемі етеді, ал, қымбат іш киім оған сенімділік береді. Бұған продюссерлер кино түсіру барысында талай рет көз жеткізген.

Әсіресе, аристократ, басшы әйелдің рөлін сомдайтын актрисаларға неғұрлым сәнді іш киім кигізілгенде олар өз рөлдерін асқан шеберлікпен ойнаған.

МЫСАЛ: 1939 жылы көрермен қауымға жол тартқан «Унесенные ветром» фильміндегі Скарлеттің рөлін ойнау үшін 1400 қыз кастингке қатысады. Оның 400-і кастингтен өтіп, рөлді сомдап көру сынағына жіберіледі. Сол 400 қыздың ішінен таңдалып алынған ең үздік актрисаның өзі кейбір эпизодтарда режиссердің ойынан шықпайды. Актрисаның киімдерін, шаш үлгісін өзгерткенімен, актрисаның әртістік шеберлігі өзгере қоймайды. Бір күні продюсер Дэвид Селзник Скарлетке сәнді іш киім кигізуді ұсынады. «Іш киім көрерменге бәрібір көрінбейді ғой, ол актрисаның эмоциясына да, эпизодты жоғары дәрежеде ойнауына қалай көмектеседі?» деп қарсы болғандарды тыңдамай, продюссер айтқанынан қайтпай отырып алады. Сенесіз бе, продюссер қателеспеген екен.

Сексологтар не дейді?

Іш киім күйеуден де жақын. Өйткені, ол тек түнде ғана емес, күні бойы денеңіздің интимді зоналарына «жабысып» тұрады. Нағыз әйелдің іш киімінің саны кемінде 30 болуы керек. Ал, егер іш киім саны 3-4-еуден аспаса, онда оның еркектен айырмашылығы жоқ.

Білесіз бе, жалаңаш әйелмен салыстырғанда, торлы, атлас матадан тігілген іш киім еркекті қатты қоздырады. Еркекті жалаңаш денеңізбен емес, сәнді іш киіміңізбен таңдандыра аласыз.

Адамның ең жоғарғы мүшесі мен ең төменгі мүшесі бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыныс мүше мен ми. Әдемі іш киім кигенде, адамның миында химиялық реакция жүріп, бұл өзгеріс оның көзінен бірден аңғарылады.

Нағыз әйел іш киімнің тек денеге ғана емес, адам жанына да өте маңызды екенін біледі. Сондықтан да өзін-өзі сыйлайтын, өзін-өзі сүйетін әйел іш киімге келгенде сараңдық танытпайды.

СОНЫМЕН: Асүйде де, қонақ күткенде де, той-томалақта да, көшеде және кеңседе де ең сұлу да нәзік, ең тартымды, өзіне сенімді әйел болғыңыз келсе – тек сапалы әрі сәнді іш киімді таңдаңыз.

Жалғыздық өміріңізге немесе қызығы жоғалған түндеріңізге өзгеріс енгізгіңіз келсе – тозған, кеңейген, резеңкесі созылған іш киімдерді гардеробыңыздан шығарып тастаңыз. Иә, дәл қазір!..

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы.

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ҚЫСҚА мойынды ҰЗАРТЫП көрсету үшін қандай АЛҚА таққан дұрыс?


Шалбармен колготка кигенді ұнатпайтын қыздарға арналған 4 лайфхак


2019 жыл: Сөмкеңізден тастамайтын далап түстері қандай?