Саяхат адамдардың өміріне қалай әсер етеді?
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
1. Саяхат сізді ақылды етеді
Өзіңіз барып, жаңадан танысатын жердің көрікті аумақтарын көріп, жаңа сезімдерді қабылдағанда, естеліктер жасаудан бөлек те көп нәрсе атқара аласыз. Бұл тұрғыда саяхат сіздің миыңызды өзгеше шығармашылыққа жетелейтіні белгілі. Сондай-ақ проблемаларды шешу және пайымдау дағдыларын жетілдіруге көмектесетін жаңа нейрондық жолдар пайда болады екен.
2. Саяхат сіздің жүрегіңізді нығайта алады
Күнделікті күйбең тіршілік адамның психикалық денсаулығына теріс әсер етеді. Тіпті бұл стресс сіздің жүрегіңізге де әсер етіп, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдықтыруы мүмкін. Бұл тұрғыда зерттеушілер жыл сайынғы демалысты құр өткізіп жіберетін адамдардың инфаркт алу ықтималдығы 30 пайызға жоғары екенін анықтаған. Ал демалыс бұл қауіпті азайтуға көмектеседі. Дәлірек айтсақ, демалысқа шығып, саяхат жасаған адамдардың бойындағы стресс бірер күннің өзінде 90 пайызға төмендейтін көрінеді.
3. Туризм экономиканың өсуіне әсер етеді
Америкадағы әрбір 9 жұмыс орнының бірі туризмге байланысты екенін білесіз бе? Ал Ұлыбританияда туристік индустрия төрт миллионға жуық жұмыс орнын ұсынады екен.
4. Ақылы демалыс
АҚШ-тан басқа, әлемдегі әрбір дамыған ел жұмысшыларға кем дегенде жылына бір рет заңды ақылы демалыс береді. Оның ішіндегі ең жомарт ел Австрия. Бұл елде адамдар ең аз дегенде 22 күндік ақылы демалыс алады және оған 13 күн қосылып беріледі.
5. Бірге саяхаттайтын жұптар
Зерттеулер көрсеткендей, бірге саяхаттауға уақыт бөлетін жұптардың арасында жақындық сезімі артады. Сондықтан, өмір бойы бірге ғұмыр кешетін адаммен қарым-қатынасыңызды саяхат арқылы нығайтуға болады.
6. Франция – саяхаттауға ең қолайлы ел
Әлем халқы Түркия, БАӘ, Италия немесе Калифорния сынды елдерге жиі барып жатады. Алайда, сол елдер және жер бетіндегі кез келген мемлекет жыл сайын келетін туристер саны бойынша Францияға жете алмайды екен. Дәлірек айтсақ, бұл елге жыл сайын 80 миллионнан астам турист табан тірейді! Ондағы ең әдемі аймақтардың бірі – Оңтүстік жағалау.
7. Ең ұзақ әуе рейсі шамамен 30 сағатты құрайды
Әлемдегі ең ұзақ әуе рейсі шамамен 30 сағатты құрайды екен. Qantas компаниясы ұсынатын бұл сапар саяхатшыларды Австралиядан Шри-Ланкаға жеткізетін болған. Бірақ, бұл 1943 жылы басталып, екі жылдан кейін тоқтап қалған. Қазіргі ең ұзақ рейс Singapore Airlines ұсынған Сингапур-Нью-Йорк бағыты.
8. Ал ең қысқа рейс бір минуттан аз уақытты алуы мүмкін
Бұл Вестрей аралынан Папа Уэрейге барған кезде орын алады. Аталған екі орын Шотландиядағы Оркни аралдарының бөлігі болып саналады және олардың арасындағы ұшу уақыты небары 1,5 минутты құрайды. Тіпті бұл сапар кейде бір минуттан аз уақытқа созылуы да мүмкін.
9. Сіз Гренландияда емін еркін жүресіз
Гренландия әлемдегі халық ең аз қоныстанған ел болып саналады. Бір шаршы шақырымға небарі 0,03 адам қоныстанған.
10. Үндістанда пойызбен 20 миллионнан астам адам жүреді
Үндістанда күн сайын шамамен 23 миллион жолаушы пойыз қызметін пайдаланады. Бұл шамамен Австралияның бүкіл халқына тең. Сондықтан елдің күрделі теміржол желісі инфрақұрылымның қуатты әрі маңызды бөлігі болып саналады.
11. Әуежайдағы ең қымбат такси құны – 235 АҚШ доллары
Тәжірибелі саяхатшылар әуежайда көрінген таксиден аулақ болу керек екенін біледі. Соның ішінде әрбір адам Токиодағы Нарита әуежайындағы таксилерге жақындамау қажет екенін есте сақтауы қажет. Себебі, бұл жердегі таксилер әуежайдан қалаға бару үшін шамамен 235 доллар алады екен.
12. Эфиопияда – 2014 жыл
Уақыт саяхаты әлі ойлап табылған жоқ деп кім айтты? Мәселен, Эфиопияға барған кезде жеті-сегіз жыл артқа шегінуге болады. Себебі бұл ел шынымен де әлемнің көп бөлігінен басқаша күнтізбені ұстанады. Айырмашылық Эфиопия мен Григориан күнтізбелері арасындағы алшақтыққа байланысты.
13. Атланта Хартсфилд-Джексон әуежайы әлемдегі ең көп жұмыс істейтін мекеме
Жыл сайын Хартсфилд-Джексон әуежайы 110 миллионнан астам саяхатшыны қабылдайды екен. Бұл көрсеткіш мекемені әлемдегі ең көп жолаушы өтетін әуежайға айналдырады.
14. Қытайда бір ғана уақыт белдеуі бар
Егер сіз Қытайдың бір шетінен екінші шетіне саяхаттасаңыз да, бір ғана уақыт белдеуінде боласыз. Әйтпесе, бұл елдің бес түрлі географиялық аймағы бар және мөлшері жағынан континентальды Америка Құрама Штаттарына ұқсас қой.
15. АҚШ-тың үстінен 60 000-нан астам адам ұшып бара жатады
Кез келген уақытта Америка Құрама Штаттарының үстінен шамамен 61 000 адам ұшып бара жатады екен.
16. Ұшқыштар мен штурмандар әртүрлі тағамды тұтынады
Кез келген ұшақ бортындағы екі ұшқыш рейс алдында бірдей тағам тұтынбайды. Себебі, олардың біреуіне жеген өнімі кері әсер етсек, екіншісі ұшақты басқарып отыруы тиіс.
17. Сіз ғарыштан Ұлы Қытай қорғанын көре алмайсыз
Сіз мұндай көріністі кинода көрген болсаңыз да, ғарыштан Ұлы Қытай қорғанын көре алмайсыз. Тіпті төмен жер орбитасына жақындасаңыз да, оны көру үшін сізге қосымша үлкейту құралы қажет болады.
18. «Ұлы Мұхит жолы» – соғыс мемориалы
Австралияның Виктория жағалауындағы әйгілі «Ұлы мұхит жолына» барғыңыз келе ме? Бұл әлемдегі ең көп ізденетін аттракциондардың бірі. Ал шын мәнінде ол нысан әлемдегі ең үлкен тұрақты соғыс мемориалы болып саналады. Сарбаздар салған бұл нысан Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқандардың құрметіне жасалған.
19. Ұлыбритания атауы ең ұзақ деп танылған атау
Егер сіз жақын арада тоған арқылы саяхаттауды жоспарласаңыз, Ұлыбританияның ресми атауын білуіңіз керек. Себебі бұл елдің атауы әлемдегі ұзақ атау: Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігі!
20. Саяхат сізді ақшадан немесе сыйлықтардан гөрі бақытты етеді
Бұл жай сөз болып естілуі мүмкін, бірақ саяхатқа жұмсаған ақшаңыз сіз сатып алатын кез келген материалдық игіліктерге қарағанда көбірек пайда әкеледі екен. Корнелл университетінің зерттеушілері бұл деректі жақында жүргізілген зерттеу арқылы дәлелдеді.
21. Суданның ежелгі пирамидалары Египеттегіден асып түседі
Сіз Египетті ғажайып пирамидалармен байланыстырасыз ба? Бірақ онда сіз 100-ге жуық ғажайыпты көретін болсаңыз, Суданнан 250-ден астам пирамиданы таба аласыз. Ежелгі кушит билеушілері салған бұл нысандар біздің дәуірімізге дейінгі 2500-300-жылдар аралығында салынған.
22. Бангкок – ең көп адам баратын қала
Бангкок үнемі әлемдегі ең көп адам баратын қала ретінде танылады. Жыл сайын мұнда бірегей және жанды мәдениетті сезіну үшін 23 миллионға жуық турист барады екен.
23. Монако орталық саябаққа қарағанда кішірек
Монако Княздігінің жалпы аумағы 0,78 шаршы миль аумақты алып жатыр. Бұл Нью-Йорктегі орталық саябақтың шамамен төрттен үш бөлігіне тең екен. Дегенмен, бұл жерден сіз әлемдегі ең керемет жағажайларды, бақтар мен мұражайларды таба аласыз.
24. Әлемдегі ең биік құм сарайы Германияда орналасқан
Әлемдегі ең биік құм сарайы жақында Германияда тұрғызылды. Екі жылдық еңбектің нәтижесінде пайда болған бұл нысанның биіктігі 18 метрге жетеді.
25. Аспандағы түтін сызықтары – су буы
Сіз аспанға қараған кезде, «неге ұшақтан түтін шығады?» деп ойлайсыз ба? Шын мәнінде бұл инверсиялық іздер су буы болып саналады. Егер мұндай сызық қысқа болса, төмен ылғалдылық пен жақсы ауа-райын күтуге болады. Егер ұзақ болса, қандай да бір жайсыз құбылыс жақындауы мүмкін.
Құрметті оқырман, біз бүгін өзіміз айтқан 50 деректің жартысын ғана ұсындық. Қалған жартысын келесі мақаладан біле аласыздар.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
КЕЗ КЕЛГЕН ЖАҒДАЙД КӨМЕКТЕСЕДІ: Саяхатшылар үшін ӨТЕ ПАЙДАЛЫ бағдарламалар