30 ОТБАСЫ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ

0
96


30 ОТБАСЫ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ

ERNUR.KZ. Шымкентте баспана жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтарға сатып алу құқығымен жалға берілетін үйлерді ұсыну жұмысы жалғасуда. Кезекті іс-шара аясында 30 отбасыға пәтер кілттері табысталды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Пәтерлер Асар-2 шағынауданындағы көп қабатты үйлерде орналасқан. Олар сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында ұсынылды. Баспаналы болғандардың қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және толық емес отбасылар бар.

Айта кетейік, бұл үйлер қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес салынған және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылған.
Қала тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғаса береді. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жеке баспанаға қол жеткізуіне мүмкіндік береді.