«Айбын-2023»: Шымкенттік жастар жүлделі оралды

0
872

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі​ мәлімдеді.


«Айбын-2023»: Шымкенттік жастар жүлделі оралды

Шымкентте теміржол вокзалында қаламыздың намысын қорғаған жас патриоттарды салтанатты күтіп алу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жүлдегерлер мен олардың тәлімгерлерін достары мен туыстарының қатысуымен жылы кездесу күтіп тұрды. Аталған шараға қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, білім басқармасының қызметкерлері мен әскери оркестр қатысты.

Астана қаласының 25 жыл мерейтойына арналған Қарағанды қаласы СПАССК оқу-жаттығу базасында өткізілген «Айбын-2023» ІХ халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Шымкент қаласының намысын қорғаған «Арыстан» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері көптеген жетістіктерге жетті.

Барлық өңірлер Өзбекстан мен Әзірбайжан мемлекеттерінің жас патриот оқушылары мен «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерінің басын қосқан әскери-патриоттық жастар жиынына жалпы 43 команда қатысты.
Он тур бойынша өткізілген жиында Шымкент қаласының әскери-патриоттық клубы, командалық есепте «Арқан тарту», кермеге тартылу, АК-74 автоматын бөлшектеп-жинау сайыстарынан І орын иеленсе, қыздар арасында өткен арқаға жатып денені көтеру (пресс) сайысы мен зияткерлік білімділер турларында ІІ орынды қоржындарына салды.
Жекеленген конкурстарда:
Кремеге тартылу бойынша №68 мектебінің оқушысы Ерқанат Шархан - 51 мәрте тартылып жастар жиынының жаңа рекордын орнатты.
Ал, АК-74 қаруын бөлшектеп қайта жинауда №7 мектебінің оқушылары Нұрсұлтан Әмзеұлы, Пердеғали Әліпбай мен Балжан Мырзақұл топ басындағы 3 орынды иемденіп қарсыластарына мүмкіндік бермеді.
Халықаралық деңгейде өткізілген «Айбын-2023» ІХ әскери-патриоттық жастар жиынында Шымкент қаласының «Арыстан» ӘП клубтары жақсы жетістікке жетті.