"Ата-анасы қасында болмаған: Шымкентте 1 жасар бала тұрғын үйдің ауласындағы бассейнге батып кетті

0
765

Алдын ала болжам бойынша бала қараусыз қалған.


иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкенттегі жеке үйлердің бірінің ауласында бір жасар бала бассейнге батып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 14 шілде күні сағат 22:00-да болған.

Аталған оқиға Абай ауданы, Қызылжар шағын ауданы, Бершінтөбе көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласында болған.

"Алдын ала болжам бойынша бала қараусыз қалған, ата-анасы қасында болмаған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - делінген баспасөз хабарламасында.