«Бәйдібек би-арғынбеков» үшдеңгейлі жолайрығы кезең-кезеңімен ашылуда

0
570


«Бәйдібек би-арғынбеков» үшдеңгейлі жолайрығы кезең-кезеңімен ашылуда

Шымкент қаласында Бәйдібек би-Арғынбеков күре жолы қиылысындағы үш деңгейлі жолайрықтың құрылысы қазір қарқынды жүргізіліп жатыр.

Жолайрық салу барысында графиктік кестенің сәйкестігі мен сапасын қадағалау мақсатында бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс нысанын аралап шықты.
М:Дүйсенбекұлы құрылысқа қатысты нақты ескертулер жасап, ел игілігіне берілетін нысанның жұмыстарын атқару кезінде сапаға деген жауапкершілік ең маңызды екеніне тоқталды.
Естеріңізге сала кетейік, 15 мамыр күні халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында жолайрықтың Арғынбеков көшесіндегі тұсы ашылған болатын.
Ал 10 шілде күні Арғынбеков көшесінен келе жатқан көлік ағынына, сондай-ақ Бәйдібек би даңғылына түсетін оң жақ өткелдің көлік қозғалысына жол ашылды.
Құрылыс жұмыстарын осылай ыңғайластыра отырып, көлік кептелісін азайту мақсатында жол кезең-кезеңімен ашылуда.
Ал, жолайрық құрылысын толық аяқтап, көліктің барлық бағыттағы қозғалысын түгел қамту биылғы жылдың соңына жоспарланып отыр.
дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі