Биыл Шымкентте 500-ге жуық адамға мемлекеттік грант беріледі

0
607

Қазіргі таңда мемлекеттік грант берудің 2-легі бойынша өтініштер толық қабылданды.


Биыл Шымкентте 500-ге жуық адамға мемлекеттік грант беріледі

Шымкентте биыл «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасы шеңберінде 447 адамға 400 АЕК дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант беру жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өтініштер төрт лек бойынша комиссияда қаралып, мақұлданады. Алғашқы лекте шымкенттіктерден 3100 өтініш түсіп, оның 115-і грант ұтып алды.
Мемлекеттік грант алған жандардың 17-і мүмкіндігі шектеулі азамат, 58-і көп балалы отбасы, 15-і мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған жан, 12-і асыраушысынан айрылғандар, 13-і атаулы әлеуметтік көмек алатын аналар. Қайтарымсыз грант алған жандар кәсібін дөңгелетіп, ісінің аясын кеңейтуге мүмкіндік алды.
Қазіргі таңда мемлекеттік грант берудің 2-легі бойынша өтініштер толық қабылданды. Бұл жолы 2893 азамат бизнес-жобасын ұсынды. Жобасын комиссия алдында қорғап шыққан үміткерлердің нәтижелері «Business.enbek.kz» порталындағы жеке кабинеттеріне хабарлама ретінде жолданады. Ал, 2 мыңнан астам адам тегін кәсіби оқуға жіберілген. Мемлекет тарапынан берілетін қолдау шаралары биыл да өз жалғасын табуда.
Айта кетейік, мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастап жатқан кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ғана ала алады.
Еске сала кетейік, Шымкентте қайтарымсыз грант иегерлерінің өнімдері ұсынылған көрме-жәрмеңке өтті. Іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, 150-ге жуық шағын және орта бизнес өкілдерінің жобаларымен танысты. Жәрмеңкеде кондитерлік өнімдер, жиһаз өндіру, қызмет көрсету салалары бойынша түрлі әлеуметтік жобалар қойылды. Сондай-ақ арнайы ақпараттық бұрыш жасақталып, «Халықты жұмыспен қамту орталығының» мамандары келушілерге тегін кәсіби оқу, тұрақты жұмысқа орналасу, субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алу бойынша кеңестер берді.