Биыл Шымкентте мектеп бітірушілердің 90%-дан астамы ҰБТ тапсырады деп жоспарланған

0
334

Биылғы жылы 11-сыныпты бітіретін 13 289 оқушының 458-і «Алтын белгіге» үміткер.


Биыл Шымкентте мектеп бітірушілердің 90%-дан астамы ҰБТ тапсырады деп жоспарланған

ERNUR.KZ. Биыл Шымкент қаласындағы 11-сыныпты бітіретін 13 286 оқушының 12 066-сы (90,5%) ҰБТ тапсырады деп жоспарланған.

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Нұргүл Ақылбекқызы Шәмшиеваның 2023-2024 оқу жылының аяқталуы және каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтуын ұйымдастыру туралы брифингі барысында айтты.

Басқарма басшысының айтуынша, ағымдағы жылы ҰБТ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізіледі.

ҰБТ қатысушыларының деректер базасына тіркелуі өз бетінше 2024 жылғы 20 сәуір - 20 мамыр аралығында жүргізіледі. Осы аралыққа дейін тестілеуге 2 рет өтініш беруге мүмкіндік беріледі.

2024 жылы негізгі ҰБТ жалпы жобалық қуаты 695 орындық «U-Study» 3 (үш) аймақтық тестілеу орталықтарында өткізіледі.

1. Т. Рысқұлов к-сі, №175а,119орындық тест орталығы;

2.8-март к-сі, №22296 орындықтест орталығы;

3.Алматы тасжолы, №138/13200 орындық тест орталығы.

Барлық орталықтар қажетті техникалық құралдармен, сондай-ақ тест орталықтары жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі, психолог және медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, қорытындылау аттестаты 9 (10) сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары 2024 жылғы 29 мамыр–10 маусым аралығындатөрт пән бойынша (Ана тілі, Математика, Қазақ тілі мен әдебиеті (орыс, өзбек) және таңдау пәндері бойынша);

11 (12) сыныптың білім алушылары үшін бітіру емтихандары 2024 жылғы 28 мамыр-11 маусым аралығында бес пән бойынша өтеді (Ана тілі, Математика, Қазақстан тарихы, Қазақ тілі және әдебиеті (орыс, өзбек) және таңдау пәндері бойынша).

Сондай-ақ биыл алғаш рет 5,6,7,8,10 сынып оқушылары (116 649 оқушы)27-30 мамыр аралығында қазақ тілінен аралық емтихан тапсырады. Емтихан тапсырмасын орындау үшін 180 минут беріледі. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардан өткен тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес емтихан алынады. (Келе алмайтын оқушының үйіне барып алу талап етіледі).

Ал "Алтын белгі" аттестаты бойынша, биылғы жылы 11-сыныпты бітіретін 13 289 оқушының 458-і «Алтын белгіге» үміткер (былтырғы 2022-2023 оқу жылында 313 оқушы «Алтын белгі» иегері атанған болатын).

11 сынып бойынша 641 оқушы, 9 сыныптар бойынша 1158 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.

Түлектерге аттестатты салтанатты табыстау ағымдағы жылдың 12-15 маусым аралығында өтеді.