Е.Айтаханов «Nur Otan» мүшелеріне тапсырмалар жүктеді

0
909

Шымкент әкімі партия активін жұмысты жандандыруға шақырды.


Е.Айтаханов «Nur Otan» мүшелеріне тапсырмалар жүктеді

Үшінші мегаполисте "Nur Otan” партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың жетекшілігімен болған жиында қаралған тапсырмаларды іске асыру мақсатында актив мәжілісі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған актив отырысына Шымкент қаласының әкімі, партия филиалының төрағасы Е.Айтаханов, мәслихат хатшысы Ғ.Ташқараев, саяси кеңес мүшелері мен партия ардагерлері, сонымен қатар мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері мен "Jas Otan” Жастар қанатының мүшелері қатысты.

Өз кезегінде, аталған жиынды партияның Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ерлан Қуанышұлы ашып беріп, Елбасымен болған мәжілістің негізгі мәселелері жайлы айтты.

Сондай-ақ, мәжіліс барысында партияның Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бахадыр Нарымбетов "1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне" орай және Нұр-Сұлтан қаласында өткен жиында Нұрсұлтан Әбішұлы берген тапсырмалар туралы баяндама жасады.

Ал, жарыссөзге шыққан Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев Шымкент қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің жұмыс барысы туралы айтты. Одан бөлек, актив отырысында фракция депутаттарының партиялық жауапкершілігін арттыру, білім және мұғалім мәртебесі, Жастар жылында атқарылған жұмыстар мен волонтерлар жылының жоспары туралы сөз болып, жұмысты жүйелі жаңғырту бойынша ой-пікірлер ортаға тасталды.

Сонымен қатар, мәжілісті қорытындылаған қала әкімі Е.Айтаханов партия активін жұмысты жаңғыртуда белсенділік танытуға шақырып, партия филиалдарына халықпен дұрыс жұмыс істеуді, жоспардың жүйелі жүргізілуін қадағалауды және жастармен біріге отырып іс-шараларды жоғары деңгейді өткізу үшін тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды. Оған қоса мәжіліс соңында "Тұңғыш Президент күні" мерекесіне орай жаңа мүшелерге партиялық билеттерді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.