Е.Айтаханов жолды екі рет салмау үшін не істеу керектігін айтты

0
934

Қала әкімі «Бадам» және «Сәуле» шағын аудандарын аралады.


Е.Айтаханов жолды екі рет салмау үшін не істеу керектігін айтты

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Бадам» және «Сәуле» шағын аудандарыныңинфрақұрылым жүйелерімен және әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты елді мекендердің тұрғындарымен кездескен шаһар басшысы олар көтерген жол, қоғамдық көлік, ауыз су, газбен және сапалы электр жарығымен қамту сынды мәселерін тыңдап, бірінші кезекте қала бюджеті инфрақұрылымды дамытуға бөлінетінін және кезең-кезеңімен әрі кешенді түрде іске асатынын атап өтті.


Сонымен қатар, түйінді мәселелердің уақтылы шешілуін жеке өзі қадағалайтынын және жолды екі рет салмау үшін ең алдымен елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау керектігін айтып түсіндірді. Осы ретте Е.Айтаханов аудан әкіміне тұрғындармен жиі кездесіп, жедел жәрдем көлігінің қызметін ретке келтіруді, қаңғыбас иттер мен қоқысты шығару мәселелерін шұғыл шешуді қатаң тапсырды.

Айта кетейік, қаланың батыс бөлігінде орналасқан Бадам шағын ауданында 1280 адам тұрса, оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Сәуле шағын ауданда 600 адам өмір сүреді.