Бүгін Шымкентте Отан қорғаушылар күніне арналған «Егемен елдің қорғаны» атты салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік бағдарлама еліміздің тыныштығын, қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етіп, әскери және азаматтық борышын абыроймен атқарып жүрген ер-азаматтарға арналды.
Салтанатты жиын барысында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Отан алдындағы борышына адалдық танытқан әскери қызметшілерді қала әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Өнерпаз ұжымдар қонақтарға патриоттық бағыттағы арнайы әзірленген концерті мен тағлымды қойылымдарын ұсынды. Мерекелік көңіл-күй ардагерлерден бастап жас әскери қызметкерлерге дейін ұрпақтар сабақтастығын бір арнаға тоғыстырды.
Бұл күні бейбіт қызметте ғана емес, төтенше жағдайларда – су тасқыны, өрт немесе басқа да қауіп-қатер кезінде ерлік көрсеткен сарбаздар мен офицерлерге құрмет көрсетілді. Ұландардың батылдығы мен жанқиярлығы – нағыз патриотизмнің үлгісі.