І-Shymkent 109 – тәулік бойы, аптасына 7 күн жұмыс істейтін байланыс орталығы.
Шымкент тұрғындары мен қонақтары қала өміріне қатысты мәселелер туындаса, i-Shymkent 109 байланыс орталығына хабарласа алады.
i-Shymkent 109 – тәулік бойы, аптасына 7 күн жұмыс істейтін байланыс орталығы.
Орталық қала тұрғындарынан келіп түскен өтініштерді қабылдап, тиісті жауапты мекемелерге жолдайды.
Қандай мәселелер бойынша өтініш қалдыруға болады?
- Аулалар мен қоғамдық орындардың тазалығы;
- Көшелер мен аулаларды жарықтандыру;
- Электр энергиясы мен газға қатысты мәселелер;
- Су құбыры және кәріз жүйесі;
- Жолдардың жағдайы мен шұңқырлар;
- Қатты тұрмыстық қалдықты шығару;
- Қаңғыбас иттер мен мысықтар;
- Ашық тұрған және қақпақсыз құдықтар;
- Қоғамдық көліктің жұмысы;
- Денсаулық сақтау және білім беру салалары;
- Әлеуметтік қолдау және басқа да қалалық мәселелер.
Қала тұрғындары төменде көрсетілген әдістер арқылы өз өтінішін қалдыра алады:
- Бірыңғай ТЕГІН 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы;
- WhatsApp +7 (777) 710-91-09 нөміріне жазу арқылы;
- Instagram парақшасында жекеге жазу арқылы: ishymkent.109
- Facebook: IShymkent Kz
- Telegram-bot: @shymkent_109_bot
- Мобильді қосымша: Komek 109


