Тиісті жұмыстар екі күн бойы жүргізіледі.
Шымкентте өз кәсібін бастауға берілетін көлемі 400 АЕК құрайтын мемлекеттік қайтарымсыз грантқа құжат қабылдаудың бірінші легі (поток) аяқталып, 300-ден астам үміткер өздерінің бизнес жобаларын арнайы құрылған комиссияның алдында қорғауды бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тиісті жұмыстар екі күн бойы жүргізіледі. Айта кету керек, бірінші лекке құжат қабылдау 1 сәуір күні басталып, 2019, 2020, 2021 жылдары “Атамекен” палатасының “Бастау бизнес” жобасы бойынша оқып, сертификат алған азаматтар он бес күннің ішінде busines.enbek.kz порталы арқылы тиісті құжаттарын онлайн тапсырған.
Жалпы, 2022 жылы аталған грантпен бірнеше лек (поток) бойынша 1150 адамды қамту жоспарланып отыр. Өткен жылы 700-ден астам шымкенттік көлемі 200 АЕК (583 000 тг.) грантқа ие болған.