​Қала әкімі кезекті рет бір қатар нысандардың жұмысын бақылады

0
142

Абай ауданына қарасты Алпамыс батыр мен Шұбаркөл көшелеріндегі орта және күрделі жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ Изенді көшесін Төлеметов көшесіне дейін жалғау жұмыстарын қарады.


​Қала әкімі кезекті рет бір қатар нысандардың жұмысын бақылады

ERNUR.KZ. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру, кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жобалардың жүзеге асырылуымен танысты.

Абай ауданына қарасты Алпамыс батыр мен Шұбаркөл көшелеріндегі орта және күрделі жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ Изенді көшесін Төлеметов көшесіне дейін жалғау жұмыстарын қарады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жол жамылғысы мен құрылыс материалдарының сапасына бақылауды күшейтіп, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар №16 жалпы білім беретін мектепке 575 орынға және Ө. Жәнібеков атындағы №19 мектепке 350 орынға арналған қосымша оқу корпусының құрылысын тексерді. Бұл нысандар пайдалануға берілген соң, орын тапшылығы азайып, балалар үшін қолайлы білім беру ортасы қалыптасады. Тексеру барысында құрылыс басқармасына сапаны бақылауда ұстауды және нысандарды уақытылы тапсыру міндетін жүктеді.
Әрі қарай «Жұлдыз» индустриялық аймағында бой көтеріп жатқан шағын өнеркәсіптік аймақтың құрылысымен танысты. Жоба инженерлік инфрақұрылымы дайын алаңдарды ұсыну арқылы шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді. Бұл бастама нәтижесінде 50-ден астам жаңа өндіріс ашылып, 200-ге жуық жұмыс орны құрылады деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Польшадағы Selena Group холдингінің өкілдерімен бірге құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыт салуға арналған жер телімін аралап көрді. Жобаны іске асыру арқылы 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, ішкі нарық сапалы құрылыс материалдарымен толықтырылады.
Қала әкімі жұмыс тобының мүшелерімен бірге инженерлік инфрақұрылымды тарту және аумақты абаттандыру жұмыстарын аяқтау мәселелерін талқылады. Жауапты мамандарға барлық жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін ескертті.
Шаһар басшысы аралау соңында Жандосов көшесін Сасбұқаев көшесінен Адырбеков көшесіне дейін ұзарту жобасы аясында атқарылған абаттандыру жұмыстарының нәтижесін бақылады. Тиісті басқармаларға аумақты күтіп-ұстау және қалған жұмыстарды дер кезінде аяқтау міндетін қойды.