Жалпықалалық сенбілік 5 маусым күні өтеді.
5 маусым - Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай жыл сайынғы «Бірге таза Қазақстан!» экологиялық акциясы аясында Шымкентте сенбі күні жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Іс-шара қоршаған ортаның ластану проблемасына, өлкеміздің табиғатын сақтаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аударуға мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеудің мақсаты- айналаны қоқыстан тазартудан басталатын дәстүрді қалыптастыру болып табылады.