Ел аумағында заңсыз жүріп-тұрған.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласында көрші елде алаяқтық жасап, 2010 жылдан бері іздеуде жүрген өзбек азаматы ұсталды.
38 жастағы өзбекстандықты Тұран ауданының көші-қон қызметкерлері рейдтік шара жүргізу барысында анықтады. Ел аумағында заңсыз жүріп-тұрған шетелдік ұзақ жылдар бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келгені белгілі болды.
Оған қатысты ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 2010 жылы ташкенттік құқық қорғаушылармен қылмыстық іс қозғалған.
ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ер адамға ӘҚБтК-тің 517-бабына сәйкес шара қабылданды.
Қазіргі таңда ұсталған азамат өз еліне депортталғанын хабарлады Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.