Жұмысынан босатылған полиция полковнигі қылмыстық іс бойынша тергеліп жатқан болатын.
Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы болып Ұлықбек Мылтықов тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұған дейін бұл қызметті Мұхтар Бұхарбаев атқарған болатын.
Жұмысынан босатылған полиция полковнигі қылмыстық іс бойынша тергеліп жатқан болатын
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың келісімі бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтың бұйрығымен Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы лауазымына полиция полковнигі Мылтықов Ұлықбек Тұрғұнұлы тағайындалды.
Ұлықбек Мылтықов 1975 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1996 жылдан бастап қызмет етеді. Орта және аға басшы құрамның әртүрлі лауазымдарында қызмет атқарған. 2018 жылдан бастап Түркістан облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасын басқарған.