"Мектепте жарылғыш зат": Шымкентте жалған ақпарат таратушы іздестіріліп жатыр

0
787

Аталған аумақ қоршалып, мектеп ғимаратындағы барлық адамдар эвакуацияланды.


иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкенттегі Д.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейіне жарылғыш қойылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментнің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"20 қыркүйек күні сағат 12:23-те 102 арнасына белгісіз ер адам қоңырау шалып, Д.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейіне жарылғыш қойылғаны туралы хабарлады. Аталған аумақ қоршалып, мектеп ғимаратындағы барлық адамдар эвакуацияланды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Оқиға орнын тексеру кезінде жарылғыш туралы жайт расталмады.
Аталған жайт ҚР ҚК 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Барлық қажетті тергеу іс-әрекеттері мен қоңырау шалған адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.