Аудан әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына сын-ескертпелер айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қар тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан арнайы бригадалардың жұмысын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аудан әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына сын-ескертпелер айтып, нақты тапсырмалар жүктеді. Әрбір істің сапалы орындалуын талап етті.
Техникалық ерекшеліктерге сәйкес, жалпы орталық 443 көшенің 372-і, яғни 793 шақырымы тазаланды, қалған 71 көшеде жұмыстар жалғасуда.
Айтып кетейік, қазіргі кезде 5 ауданда 22 бағыт бойынша қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бүгіннің өзінде қаладан 10959 м3 қар шығарылды.