Депутаттар "Атамекен" ҰКП-да кәсіпкерлермен кезедеседі.
Бүгін Шымкент қаласына жұмыс сапарымен ҚР Мəжілісі депутаттары А. Перуашев, Р. Алшанов, В. Тварионас, Б. Дүйсенбиев келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Халық қалаулылары әуелі Шымкенттегі ОҚМПУ-нің Студенттер үйінде, Т.Рыскұлов көшесі, № 8 фронт офисте орналасқан 7-20-25 ақпараттық орталығының жұмысымен, «Ақжайық» шағынауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.
Іс-сапар аясында «Сыдыков Т.К» ЖК жылыжайына барады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, сағат 12.00-де «Атамекен» ҰКП-да (Шымкент, Д.Қонаев даңғылы, н/з үй) кәсіпкерлермен кездеседі деп күтілуде.
Ал сағат 15:00-де қалалық әкімдіктің мәжіліс залында ҚР Президентінің Бес әлеуметтік бастамаларының жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі республикалық Қоғамдық кеңестің отырысы өтеді.