​Оралдық науқас баланың ата-анасын зар қақсатқан шымкенттік алаяқтың соты басталды

0
1 382

Құжаттарын заңдастыруы үшін де қосымша қаражаттарын қағып алған көрінеді.


​Оралдық науқас баланың ата-анасын зар қақсатқан шымкенттік алаяқтың соты басталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкенттік тұрғын оралдық ауру баланың ата-анасын алдап соғып, алаяқтықпен ақшасын иемденіп, төбе көрсетпей кеткені үшін айыпталуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұрын сотты болған, 1978 жылы туған З.Б. есімді азамат онсыз да еміне шипа таппай шырылдап шарасыз күйде жүрген ата-анаға хабарласып, Шымкенттегі танымал дәрігердің атын жамылып, көмектесуге уәде еткен. Орал қаласының тұрғыны, көп балалы ана Ләззат Өтепқалиева 2010 жылы туған Әділханның дертіне ем керектігін айтып, елден қол ұшын созар азаматтардан жәрдем күтетіндігін айтып БАҚ-да көмек сұраған еді. Оны көріп, онсыз да әбден сандалған ата-анаға хабарласып сотталушы жәбірленушілердің шарасыз күйін пайдаланып кетпек болған.

Шымкенттіктің сөзіне сеніп, науқас баласын құшақтап Оралдан жеткен ата-анадан сотталушы емге деген бар қаржысын қолына түсіріп, бой тасалаған. Құжаттарын заңдастыруы үшін де қосымша қаражаттарын қағып алған көрінеді.

Ауру баланы арқалап үмітпен жеткен ата-ананы алдап кеткені үшін айыпталып отырған 40 жастағы сотталушы З.Б.-ға ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен айып тағылуда.

Сот процесінің барысы БАҚ өкілдерінің назарында.