Ресторан ретінде жұмыс істеңіздер! - Әйтенов тойхана иелеріне кеңес берді

0
1 161

"Біз түсінеміз. Оларда да шығынға ұшырап жатыр."


Ресторан ретінде жұмыс істеңіздер! - Әйтенов тойхана иелеріне кеңес берді

Шымкент қаласының әкімі тойхана иелерін той өткізуге емес, ресторан ретінде жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Тойхана иелері, сіздер, ресторан ретінде жұмыс істеңіздер. Біз түсінеміз. Оларда да шығынға ұшырап жатыр. Бір тойханаға келіп, той жасап жатқан кезде біреу ауру болса, ол сол тойдағы 300 адамды ауыртады. Ол үйіне бара, бала-шағасы бар. 300-ден 1200-ге кетеді. Қаланың барлығын ауыртып алғаннан кейін, жақсы нәрсеге алып бармайды", -дейді шаһар басшысы Мұрат Әйтенов.