​ROBOPARK LIGA XIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА ЖАРЫСЫ ӨТТІ

0
74

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табысталды.


​ROBOPARK LIGA XIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында ROBOPARK LIGA XIII республикалық робототехника жарысы аяқталды. Байқауға еліміздің әр өңірінен 60-қа жуық команда қатысып, үш санат бойынша өзара бақ сынады.

Жарыстың мақсаты – оқушылардың техникалық ойлау қабілетін, шығармашылығын және инженерлік дағдыларын дамыту, робототехника саласына қызығушылығын арттыру.
Қатысушылар «Сумо», «Робот құрастыр» және «Кегельринг» санаттары бойынша сайысқа түсіп, роботтарын басқару, құрастыру және тапсырмаларды орындау шеберліктерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша «Сумо» санатында Alem Line командасы бірінші орын иеленсе, Robo Kent – екінші, RoboTaraz үшінші орынға тұрақтады. «Робот құрастыр» санатында Robostars командасы үздік атанып, RoboKids және RoboKids 1 командалары екінші және үшінші орындарды иеленді. Ал «Кегельринг» санатында Auzhan KTL командасы жеңіске жетіп, RP Nursat – екінші, RoboChampions үшінші орын алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табысталды.
Іс-шараның ұйымдастырылуына Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасы, Қамбар батыр мектебі және Shymkent Hub қолдау көрсетті. Сондай-ақ, жарысқа «Азия Сервис» компаниясының өкілдері арнайы қонақ ретінде қатысты.
Мұндай жарыстар жас ұрпақтың технологиялық сауаттылығын арттырып, инновациялық идеяларды тәжірибеде жүзеге асыруына және болашақ инженерлердің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Бөлісу