ШЫМКЕНТ: 1 сәуірден атаулы әлеуметтік көмек алу үшін бала саны маңызды емес

0
6 034

Ата-енесімен бірге тұратын отбасылардың табыстары есептелгенде, ата-енесінің зейнетақысы да табыс көзі ретінде саналады.


ШЫМКЕНТ: 1 сәуірден атаулы әлеуметтік көмек алу үшін бала саны маңызды емес

1 сәуірден көтерілетін атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізу үшін отбасындағы бала саны маңызды емес, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова журналистерге берген баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Гүлжан Мамытқызы, тіпті атаулы әлеуметтік көмекті алуға қажетті құжаттарға да тоқталып өтті.

«Отбасы құрамы мен мекенжай анықтамасы анықтамасын жұмыспен қамту өзі базадан ала алады. Бұл жерде бала саны, табыс көзі алынады. Отбасында 2 бала болса да, 3-4 бала болса да, 1 бала болса да айына табатын кірісін жан басына бөлгенде 20789 теңгеден аспаса,барлығы әлеуметтік көмекті алуға құқылы», - дейді ол.

Сондай-ақ, Гүлжан Құрманбекованың айтуынша, ата-енесімен бірге тұратын отбасылардың табыстары есептелгенде, ата-енесінің зейнетақысы да табыс көзі ретінде саналады. Ал, жанұяда 23 жасқа толмаған студент стипендия алатын болса, ол кіріс көзіне кірмейді. Және де бала кезінен мүмкіндігі шектеулі азаматтың жәрдемшісіне мемлекеттен берілетін қаржы да отбасының табысы болып есептелмейді екен. Мұнан өзге, "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" иелеріне берілетін жәрдемақы да табыс көзі болып саналмайды.