ШЫМКЕНТ: 2019-2020 оқу жылына арналған мектеп формасында қандай өзгерістер бар?

0
4 702

Мектеп формасы ҚР БҒМ-ның 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығындағы талаптарға сай болуы тиіс.


ШЫМКЕНТ: 2019-2020 оқу жылына арналған мектеп формасында қандай өзгерістер бар?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қалалық жалпы орта білім беретін мектептердегі 2019-2020 оқу жылына арналған мектеп формасына қойылатын талаптар белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2019-2020 оқу жылына арналған мектеп формасына қойылатын ҚР БҒМ-ның 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес талаптар туралы Шымкент қалалық Білім басқармасының бас маманы Әшір Әдеев мәлімдеме жасады.

"Биылғы оқу жылына арналған мектеп формасының былтырғыдан айырмашылығы жоқ. Талаптар ҚР БҒМ 2016 жылы бекіткен заңға сәйкес болады. Сондай-ақ, мектеп формасының түсін мектеп басшылығы өздері таңдап, кез-келген жерден сатып ала береді. Оның орташа бағасы – 15000 теңге көлемінде. Сонымен қатар, оқушылардың өткен оқу жылында киген формасы ескірмей, өлшемі тура келіп тұрса, кие береді", - деді Ә.Әдеев.

Сондай-ақ, 2019-2020 оқу жылына арналған мектеп формасына қойылатын талаптар туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгінгі Үкімет отырысында баяндады.

"2019-2020 оқу жылына арналған мектеп формасында ешқандай өзгеріс жоқ. Қойылатын талаптар жылдағыдай", - деді Білім және ғылым инистрі Асхат Қанатұлы.

Атап айтсақ, «Білім заңындағы» талаптарға сәйкес мектеп формасы қара-көк түсте, классикалық стильде болуы қажет.

Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген, ұзындағы бойынша тобықты жауып тұруы керек. Кемінде жейде, жилет пен шалбар талап етіледі.

Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка) . Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады, юбка ұзындығы тізеден 5см-ден жоғары емес болуы керек.


Б.Ерман,

ERNUR.KZ