Республикалық бюджет есебінен, аулаларды абаттандыруға 1 780 819 мың тг. бөлінген.
Шымкенттегі Абай ауданында 107 аула абаттандырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аудан аумағындағы 258 ауланың бүгінде 107-сі Абай ауданы әкімі аппараты тарапынан абаттандырылуда. Сонымен қатар, спорт алаңшалары да орнатылуда. Оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде республикалық бюджет трансферті есебінен, аулаларды абаттандыру бойынша 1 780 819 мың тг. бөлінген. Бұл ретте Абай ауданы бойынша жалпы 66 аула абаттандырылады (мердігер мекемелер – «Ынтымақ бес арыс» - 22 аула, және Бюлд Строй» ЖШС – 44 аула).
Жергілікті бюджеттен қарастырылған нысандарға тоқталсақ, 41 ауланы қайта жаңартып, балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстарына 637 млн. 441 мың теңге қаржы қаралған. Ол жұмыстар маусым айында басталды. Оның құрылысы шілде айының соңында аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда.
(Мердігер мекеме «Андас груп» ЖШС - 17 аула, «Әлем энерго строй» ЖШС - 16 аула, «Қайназар» ЖШС - 8 аула).
Сонымен қатар, аудан аумағындағы 8 елдімекенге ашық спорт алаңшасы орнатылуда. Жоба құны - 131 млн. 525 мың теңге.
Жұмыстар маусым айында басталған. Құрылысы шілде айының соңында аяқталмақ.
(мердігер мекеме – «Әлем энерго строй» ЖШС - 6 спорт алаңша және «Айком» ЖШС - 2 спорт алаңша).
Жалпы, аудандағы 50 ашық спорт алаңшаның 24-нің жөндеу жұмыстарына 114 млн. 478 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнде оның құрылысы аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде (мердігер мекеме – «Айком» ЖШС).