ШЫМКЕНТ: Абай саябағындағы бетон бағаналар алынды

0
857

Аталған жұмыстарға 20 жұмысшы мен 4 техника жұмылдырылды.


ШЫМКЕНТ: Абай саябағындағы бетон бағаналар алынды

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты "Абай" саябағының аумағындағы жүріп өтуге кедергі келтіріп тұрған бетон бағаналар алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сонымен қатар, саябақ аумағындағы қураған ағаш бұталарын тазалау, қоқыстарды жинау, аяқ жолдар мен ирригациялық арық жүйелерін тазарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарға 20 жұмысшы мен 4 техника жұмылдырылды.
Одан бөлек, "Абай" саябағына басқарма жоспарына сәйкес жаңадан 700 дана арша, туя, альбиция, писсарда ағаш көшеттерінің түрлері отырғызылуда.
Тазалау, реттеу, ағаш отырғызу, саябақты әрі қарай жандандыру бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.