Аталған жобаның мақсаты - азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Adal kómek» жобасы аясында онлайн режимінде кеңес беретін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған жобаның мақсаты - азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңестер 2020 жылдың 28 наурызында сағат 11.00-13.00 аралығында «SKYPE» бағдарламасы (Antikor Shymkent) немесе 8(747) 7417628 WhatsApp нөмірі арқылы ұсынылатын болады.