ШЫМКЕНТ: Айналма жолдарға өзгеріс енгізілді

0
1 130

Енді «айналмадағы» көліктерге басымдық беріліп, тиісті жол белгілері орнатылды.


ШЫМКЕНТ: Айналма жолдарға өзгеріс енгізілді

Шымкент қаласы әкімдігі Полиция департаментімен бірлесе көлік қозғалысын оңтайландыру мақсатында «айналма» (круговое движение) жолдарға өзгеріс енгізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Енді «айналмадағы» көліктерге басымдық беріліп, тиісті жол белгілері орнатылды.
Көше қиылыстарының тізімі:
– Бәйдібек би даңғылы – А-2 автомобиль жолы –қиылысы(Бозарық айналмасы);
– Т. Рысқұлов көшесі – Д. Қонаев даңғылының қиылысы;
– Н. Назарбаев даңғылы – Қ. Патеев көшесі қиылысы;
– Тауке хан даңғылы мен №1 жолдың қиылысы (Береке айналмасы);
– Қапал батыр – Анаров көшелерінің қиылысы (Теміржол вокзалы);
– Абай даңғылы – Исмайлов көшесі қиылысы;
– Қапал батыр көшесі – атауы жоқ көше (Синойл жанар-жағар май құю бекеті);

– Момынов көшесі – Ибрагим ата көшесінің қиылысы (бұрынғы «Казбакалейторг»).